24/01/2022  Дүйсенбі
«Түпқараған гуманитарлық-техникалық
колледжі» МКҚК
Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Баутин ауылы
Телефон:
+7 (729 38) 28 030

Ауа райы

ҚР колледждерінің ең үздік 100 ТОП студенті

                                                   «Қазақстан Республикасының

                                                             ТОП 100 студенті аймақтық іріктеу

                                               кезеңіне қатысушы үміткер

                                                                 Қалабаева Ұлболсын Айнабайқызына

                                                 «Ер Төстік» балабақшасының

                                                     директоры Б.А. Тулекбаевадан

 

Ұсыныс хат

     Қалабаева Ұлболсын «Ер Төстік» балабақшасынан тәрбиеші тәжірибесінен өтіп келеді. Ұлболсын практиканың алғашқы күнінен бастап берілген тапсырмаларды дер кезінде орындады. Тапсырмаларды тиянақты орындау арқылы өзінің жауапкершілігін көрсете білді. Ұйымдастырушылық қабілеті жоғары. Келген күннен бастап жұмысқа ынтасы жақсы, балалармен жұмыс жасауы, ата-анамен қарым-қатынасы барлығы өте ұнады. Оқу қызметтерін жүйелі түрде өткізіп жүрді. Баламен ара қатынасы, оларды баурап алуы, оқу қызметінде өзін ұстауы өте керемет. Ашық оқу қызметтерінен қалмай қатысады. Ертеңгіліктерді өзі дайындауға ұмтылып отырады. Барлығын суретке түсіріп, үйренуге талпынып, білмегендерін сұрап, үнемі ізденіс үстінде екенін көрсетті. Ұлболсын теориялық білімін практика жүзінде шыңдай білді. Практикадан қалмай, жүйелі түрде қатысты деп айта аламын. Практика кезінде оқу құжаттарымен сауатты жұмыс жасай білді. Тәжірибе кезінде өз әріптестерімен жақсы қарым-қатынаста болды. Адамгершілігі жоғары. Ашық оқу қызметтерін тақырыпқа сай сауатты және өте жоғары деңгейде өткізді. Осы жасаған жұмыстары арқылы біз оның өте еңбекқор екенін білдік. Ол жұмыс жасау барысында өзіне патриоттық тақырыптарды таңдай отырып, балалардың патриоттық сезімдерін оятып қана қоймай, оларды үлкенді сыйлауға тәрбиелей білді. Болашақта Ұлболсын білімді, өз жұмысын жақсы атқарып, жауапкершілікті сезінетін шебер тәрбиеші бола алады деп сенемін. «Қазақстан Республикасы колледждерінің ТОП 100 студенті» жобасының аймақтық іріктеу кезеңіне қатысушы үміткер Қалабаева Ұлболсын Айнабайқызын үздік деп атауға лайық деп танып, колледждің әлеуметтік серіктесі ретінде ұсыныс хатты жолдаймын.

 

 

 

Балабақша директоры                     Тулекбаева А.Б.

 

 

Эссе

Мен, Қалабаева Ұлболсын Айнабайқызы, 2001 жылы қараша айының, жиырма жетінші жұлдызында, дүниеге келдім. Түлеген түбегіміздің атын ел емес, әлем біледі десемде артық емес. Туған өлкем – сан жылдық тарихы бар, қасиетті де киелі, маңғаз Маңғыстау. Осындай қойнауы қара алтынға, өзі рухани мұраға бай өлкемен қалай мақтанбасқа? Өзімнің туып өскен ауылым - түлеген түбек Түпқараған. Осы ауданның Форт-Шевченкодай әсем қаласында дүние есігін аштым.

Әсемпаз болма әрнеге, Өнерпаз болсаң, арқалан. Сен де — бір кірпіш, дүниеге Кетігін тап та, бар қалан! – деп ұлы ақын Абай атамыз айтқандай дүниенің бір кірпіші болып қалану үшін адам баласы мамандық таңдаудан жаңылмауы қажет.

Ал менің мамандығым – мектепке дейінгі мекеме тәрбиешісі. Бала кезімнен тәрбиеші болуды армандаған едім. Осы арман-мақсатым жүзеге асып, қазіргі таңда Түпқараған гуманитарлық-техникалық колледжінің «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» бөлімінде оқып жатырмын.

Менің тәрбиеші мамандығын таңдауыма себепші балғын балаларға деген мейірімділік пен махаббат болды.

Менің негізгі мақсатым – балаларға жақсы көңіл – күй сыйлай отырып, саналы тәрбие, сапалы білім беру. Өзімді әр оқу қызметі үстінде балаларға бағыт беруші, жол сілтеуші рөліне қоямын. Бұл балалардың өзіне деген сенімін арттырып, оқу қызметіне деген тұрақты зейінін қалыптастыруға, қызығушылығын оятуға жағдай туғызады.

Жұмыс үрдісі маңызды емес, ең бастысы әр мезетте балалармен өткізген шағың қымбат. Бірақ өмірде бәрі де бір-бірімен байланыста. Баланың махаббаты ол кез келген марапаттаулардан да артық болады. Ең жоғары марапат – бұл балалар махаббаты!

Баланың әрбір қылығы мен тәтті сөздері мен үшін бағалы сыйлықтан да қымбат. Менің практикалық іс-тәжірибеде байқағаным, баламен жұмыста тәрбиешілерге үлкен төзім мен сабырлық, ұстамдылық, одан кейін, әрине, үлкен кәсіби шеберлік қажет.

Ұлт болып ұйысып, ел болып еңсемізді көтерген кезімізде қолға алар ісіміздің өзі ұрпақ тәрбиесі. Қазіргі заманда ең басты мәселе де – бала тәрбиесі.

Балалық шақтан болашаққа қадам басқан күннен бастап Абай атамыз айтқандай ақырын жүріп, анық басып, өзімнің арман-мақсатымның жолында аянбай күресуді мектеп кезімнен бастадым. Адам тек бір ғана өнер-біліммен шектелмеуі керек. Еңбек үздіксіз үйренгендіктің арқасында жеңілдей түседі. Колледжге оқуға түскеннен кейін де өз-өзімді шыңдау мақсатында облыстық және республикалық жарыстарға, ғылыми жобалар сайыстарына және ғылыми-тәжірибелік конференцияларға қатыстым.

Қазір оқу орнымның бетке ұстар, алға тартар, қашанда болмасын колледж атын асқақтатып, оны әр уақытта дәріптейтін студенті ғана емес, қоғамға да белсене ат салысатын, замана көштен қалыспай, түрлі іс-шара, байқауларда бақ сынайтын сегіз қырлы бір сырлы, көркемсөз оқудың шебері, тіпті жүргізушілік қабілетін барша қауымға паш етіп жүрген жалынды жастарының бірімін.

Қорыта айтқанда, менің мамандығым әлемдегі ең қажет мамандықтардың бірі. Сондықтан мен мамандығымды мақтан тұтамын. «Отбасында берілген тәрбие жігеріңді құм қылып жерге қаратпасын десең, балаға кішкентайынан түзу тәрбие бер» - деп ата – бабамыз мұра етіп қалдырғандай, бала тәрбиесіне дер кезінде көңіл бөліп, адамгершілігі мол, білімді, саналы ұрпақтарды тәрбиелеуге әрқашан дайынмын.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Баршаңыздың назарларыңызғаhttps://static.xx.fbcdn.net/images/emoji.php/v9/t50/1/16/2757.png");">❗️https://static.xx.fbcdn.net/images/emoji.php/v9/t50/1/16/2757.png");">❗️https://static.xx.fbcdn.net/images/emoji.php/v9/t50/1/16/2757.png");">❗️

http://kasipkor.kz/prod/top100/student.php?id=224 сілтемесі арқылы өтіп Түпқараған гуманитарлық-техникалық колледжінің студенті Қалабаева Ұлболсын Айнабайқызына дауыс берулеріңізді сұраймыз. Қолдауларыңыз қажет https://static.xx.fbcdn.net/images/emoji.php/v9/tb7/1/16/1f917.png");">???? Сәттілік тілеп қойыңыздар! Әрбір дауыс біз үшін маңызды.