24/01/2022  Дүйсенбі
«Түпқараған гуманитарлық-техникалық
колледжі» МКҚК
Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Баутин ауылы
Телефон:
+7 (729 38) 28 030

Ауа райы

Достық кездесу

14 желтоқсан күні Түпқараған гуманитарлық - техникалық колледжінде 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне және «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткізілген «Достық кездесу» волейбол жарысы өткізілді.

Толығырақ...

24 қараша 2017 жылы Түпқараған гуманитарлық – техникалық колледжінде «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»

24 қараша 2017 жылы Түпқараған гуманитарлық – техникалық колледжінде «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Түпқараған қалалық әкімшілігі мен «Хазірет» жастар қоғамдық қорының ұйымдастыруымен кездесу өтті. Кездесуге қала әкімі орынбасары Құрманов А., «Риза - Ана» қоғамдық қорының директоры Б. Рамазанова және қазіргі жаһандану заманында қазақтың қолөнер шеберлігін осы күнге дейін дәріптеп келе жатқан, тұрмыста да күнделікті тоқу мен ұршығын қолданып жүрген әжелеріміз қонақ ретінде арнайы шақыртылды.Олар : Қилыбаева Тазагүл, Нұрсұлтанова Дәмеш, Нұрниязова Қоңырау, Жаңғожаева Жамалхан. Бұл кездесуге аудандық «Мәдениет мұражайы» мекемесінің қызметкерлері қатысты. Колледжде бағдарлама аясында қолөнер бұйымдары көрмесі ұйымдастырылған болатын. Аталған көрмеда мұражайдан да ескі бұйымдар көрсетілді. Бұл кездесу өте әсерлі өтті. Әжелеріміз мастер – класс өткізді. Ұршық иіріп, алаша тоқылды.

Толығырақ...

Қазақтың ұлттық тағамдары

24 қараша 2017 жылы Түпқараған гуманитарлық – техникалық колледжінде «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қазақ тілі мен әдебиеті пәні оқытушысы Г. Сисенбаева «Қазақтың ұлттық тағамдары» тақырыбында танымдық сабақ өткізді. Гүлшара қашанда ізденіс үстінде жүретін, жаңашыл оқытушы. Сабақ барысында өзі қолдан ірімшік, құрт жасады. Қолдан жасаған дүниелерін ДШВ – 16, ДШВ-17 топ студенттеріне тәжірибе жүзінде көрсетті. Гүлшара ірімшік жасауды ағымдағы жылы 1 курс студенті атанған Қызылөзен ауылынан келген Қарабалаева Динарадан үйренгенін айтты.

Толығырақ...

Қараша айында Түпқараған гуманитарлық – техникалық колледжінде сырттай бөлім студенттерінің оқу сабағы басталған болатын

Қараша айында Түпқараған гуманитарлық – техникалық колледжінде сырттай бөлім студенттерінің оқу сабағы басталған болатын. 23 қарашаға дейін созылған оқу барысында теориялық біліммен қатар тәжірибелік біліммен қатар тәжірибелік сабақтар жа жүргізілді. Болашақ тәрбиешілер түрлі тақырыпта сабақтар өткізіп, өздерінің дайын маман екендігін көрсетті.

Толығырақ...

“Рухани жаңғыру – өскелең ұрпақтың дара жолы» кездесу

22 қараша 2017 жылы Түпқараған гуманитарлық – техникалық колледжі студенттері Аудандық Жастар ресурс орталығы мамандарымен кездесті. Кездесуге жас та болса, талай жобаларды іске асырып жүрген Н. Мағдатов пен орталық мамандарымен кездесу өз дәрежесінде өтті. Негізгі мақсат: оқушыларды қоғамдық жұмысқа қатыстыра отырып, жастардың бойынан Отанға деген сүйіспеншілін ояту. Н. Ә. Назарбаев жолдаған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын түсіндіру. Жастарға біраз нәрсе айтылып, жаңа дәуірдің жастары болуға шақырды.

Толығырақ...

Қазақтың ұлттық қолөнері және сәндік бұйымдары

Түпқараған гуманитарлық – техникалық колледжінде «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру мақсатында «Қазақтың ұлттық қолөнері және сәндік бұйымдары» атты көрме өткізілді. Мақсаты: студенттерге қазақтың қолөнерін, ою – өрнегін таныту, жаңғырту.

Толығырақ...

Шылымқорлыққа жол жоқ!

19 қараша – Шылымқорлықтан бас тарту күніне орай «Шылымқорлыққа жол жоқ!» атты апталық өткізілді. Апталық барысында «Зиянды әдеттерден арылайық!» тақырыбында шығармалар байқауы, сурет байқауы өткізілді. Оқушыларға шылым мен есірткінің зияны туралы бетшелер таратылды. Мақсаты: салауатты өмір салтын насихаттау. Апталықты қорытындылау мақсатында Аудандық салауатты өмір салтын насихаттау орталығының мамандары Ізтлеуова Г. мен Әбуова Г. шақыртылып, оқушыларға бейнебаян көрсетіліп, темекіның зияны туралы бетшелер таратты.

Толығырақ...

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 17 қараша студенттер күніне орай Күзгі бал ұйымдастырылуда

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 17 қараша студенттер күніне орай Күзгі бал ұйымдастырылуда. Сайыстың тағам дайындау бөлімінде әр топтың студенттері тағам дайындап, жәрмеңкеде сату. Одан түскен қаражат қамқорсыз отбасыларға көмек ретінде беріледі. Мақсаты: қамқорсызға қамқор болу, тағдырдың жазғаныменен жаралы болғандарға жәрдем беру,жас ұрпақтың бойына адамгершілік, ізгілік, қамқорлық,қайырымдылық сияқты асыл қасиеттерді бойына дарыту.

Толығырақ...

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Түпқараған ауданының 25 жылдық мерейтойына орай студенттер мен оқытушылардың қатысуымен стол теннисінен жарыс өтті

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Түпқараған ауданының 25 жылдық мерейтойына орай студенттер мен оқытушылардың қатысуымен стол теннисінен жарыс өтті. Жарыс қорытындысы бойынша Е. Ізбен – І орын, Ғ. Сенғалиев – ІІ орын, Қ. Хсамадин – ІІІ орын иеленді.

Толығырақ...

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Түпқараған гуманитарлық – техникалық колледжінде

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Түпқараған гуманитарлық – техникалық колледжінде Аудандық жастар орталығының қызметкерлерімен «Қазақстан – 2030. Жастар» тақырыбында еркін форматта кездесу болып өтті. Кездесу барысында оқушылармен олардың бүгіні мен болашағы, рухани жаңғыру туралы ойлары, алға қойған мақсаты туралы тыңдалды.

Толығырақ...

5 қазан – «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Түпқараған гуманитарлық – техникалық коллдежінің студеттері ардагер ұстаздармен кездесті

5 қазан – «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Түпқараған гуманитарлық – техникалық коллдежінің студеттері ардагер ұстаздармен кездесті. Шараға Ізбен Ақша, Айтмұханова Әдемхан, Нурбосинова Мәншүк, Нурбосинов Нұрмұхан ұстаздарымыз қатысып, студенттер мен жас ұстаздарға тәжірибесімен бөлісіп, студенттермен жұмыс кезіндегі қызықты оқиғаларын баяндап берді. Студенттер сұрақ қойып, кезедесу ашық - жарқын әңгімелесу форматында өтті.

Толығырақ...