24/01/2022  Дүйсенбі
«Түпқараған гуманитарлық-техникалық
колледжі» МКҚК
Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Баутин ауылы
Телефон:
+7 (729 38) 28 030

Ауа райы

«Worldskills Aktau»

 

 

2020-2021 оқу жылының 29-31.03.21 аралығында «WorldSkiils Aktau - 2021» чемпионатының колледжішілік кезеңі

 

 

 

     Жоспар бойынша 29-31.03.21 аралығында «WorldSkiils Aktau - 2021» чемпионатының колледжішілік кезеңінің ашылу салтанаты өтті. Алғашқы құттықтау сөзді басшының у.м.а. А.Жоламанова дәстүрлі жыл сайынғы чемпионаттың жүлдегерлері туралы айтып, қатысушыларға жігер берді. «WorldSkiils Aktau - 2021» чемпионатының колледжішілік кезеңінде

 

5 құзіреттілік бойынша 17 студент бақ сынасаты. Чемпионат 29-31 наурыз аралығында өткізілді.

 

 

 

Шара атауы

Өтетін уақыты, күні

Өтетін орны

Жауаптылар

1

«WorldSkiils Аktau -2021» чемпионатының   колледжішілік кезеңінің ашылу салтанаты

29.03.2021 ж.

Сағ.10.00

«Рухани жаңғыру» кабинеті

2 блок

Басшының м.а. А.Жоламанова

ОӨЖО Г.Маңғыбаева

2

«Web үлгілеу» құзіреттілігі   бойынша колледжішілік сайыс

29-30.03.21 ж.

Сағ. 10.00-17.30

1 блок информатика кабинеті

Майрамбаев Ғ.

 

«Дәнекерлеу технологиясы» құзіреттілігі бойынша колледжішілік сайыс

29-30.03.21 ж.

Сағ. 10.00-17.30

«Дәнекерлеу шеберханасы»

Мендиханов А.Д.

3

«Тақтатаспен қаптау» құзіреттілігі бойынша колледжішілік сайыс

30.03.21 ж.

Сағ. 09.00-17.30

2 блок,

№7 шеберхана

Қуанова Қ.

4

«Жеңіл автомобильге қызмет көрсету, жөндеу» құзіреттілігі бойынша колледжішілік сайыс

30.03.2021 ж.

Сағ. 10.00-17.30

2 блок, №3 шеберхана

Дуанаева А.

5

«Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» құзіреттілігі бойынша колледжішілік сайыс

31.03.2021 ж.

Сағ.10.00-17.30

3 блок № 3 кабинет

Адилханова Г.

 

6

Марапаттау

31.03.2021 ж.

«Рухани жаңғыру» кабинеті

ОӨЖО Г.Маңғыбаева

 

 

 

 

 

     29-30.03.21 ж. «Дәнекерлеу ісі» құзіреттілігі бойынша компотриот сарапшы Мендиханов Абзал, мекемеден келген сарапшылар: 1) «Каспий коммуналдық қызметі» ЖШС электргазымен дәнекерлеуші – Ялгаспаев Серікбай  

 

2) «Каспий коммуналдық қызметі» электр доғасымен дәнекерлеуші – Бақытов Еламан

 

3) «Semarco» электр доғасымен дәнекерлеуші – Тұрғанбаев Айдос.

 

Мендиханов Абзал қатысушыларға тапсырмаларын түсіндіріп, жасайтын затты өлшемдерімен кабинаға іліп қойды. Тапсырмалар төмендегідей ретте жүрді:

 

Модуль А1. Сызба үлгісіне қарап электр доғасымен дәнекерлеу арқылы құтыны жинайды. Тапсырманың берілген уақыты 40 мин.

 

Модуль А2. Сызбада көрсетілгендей бір бетін электр доғасымен дәнекерлеу арқылы құтыны толық әртүрлі әдісте дәнекерлейді. Тапсырманың берілген уақыты 9 сағат.

 

Модуль А3. Дәнекерленген құтыны су құйып тексереміз. Тапсырманың берілген уақыты 20 мин.

 

Қатысқан студенттер төмендегідей нәтиже көрсетті,

 

Сағындық Мирас 1-ші орын, сызба бойынша дұрыс жиналды, дәнекерлеуді жақсы орындады.

 

Бекполатулы Бауыржан 2-ші орын, сызба бойнша дұрыс жиналды, дәнекерлеуді орындауда қате жерлер болды.

 

Дюсембай Исламбек 3 ші орын ынталандыру, сызба бойынша және дәнекерлеу бойынша қате жіберді.

 

29-30.03.21 ж. «Веб үлгілеу» құзіреттілігі бойынша компотриот сарапшы Майрамбаев Ғалымжан қатысушы студенттерді қауіпсіздік ережесімен таныстырып, ҚЕ журналына қол қойдырып, тапсырмаларын берді. Берілген тапсырмалармен студенттерді таныстырып, құрал-жабдықтарымен жұмысқа кірістірді.

 

Модуль 1 Пайдаланушы бірнеше құрылған элементтерді дәйектілікке байланыстыра алатын маршруттық редактор жасау керек.

 

Модуль 2   Бір парақтық сайт үшін келесі элементтерді енгізу қажет:

 

        маркетингтік мәтіндер мен әр кескін үшін мүмкін батырмаларды қоса, тақырып суреттері бар слайдшоу

 

o       Маркетингтік мәтіндер келесідей болуы мүмкін: «Біздің арнайы ұсынысымызды тексеріңіз!»

 

o       Түймелер парақтың бөлімдеріне сілтеме жасай алады

 

        Парақтың көрсетілген аймағына өту үшін мәзір

 

o       Мәзір қондырылған және айналдырылатын болуы керек

 

        4-6 мұражайлардың тізімі, оның ішінде белгілі бір санаттағы мұражайларды таңдауға арналған сүзгі

 

        50-ге 50-ге бөлінеді

 

o       алдағы бес шара

 

o       соңғы бес жаңалық

 

        байланыс нысаны

 

        Авторлық құқық пен әлеуметтік медиа сілтемелері бар колонтитул

 

o       Copyright © 2019 - Барлық құқықтар қорғалған.

 

o       Twitter, Facebook және Instagram сілтемелері.

 

Серіктес мекемелерден келген сарапшылар: 1)"Байгозы Теңелбай" ЖК программист маман Байғозы Теңелбай Орынбасарұлы

 

2)      Макибаев Мереке Батырбаевич, «Морпорт» Баутин базасының программист инженер ГР Баутино

 

3)      Арнайы пән оқытушысы, компотриот-cарапшы – Майрамбаев Ғалымжан

 

Байқау барысында 2 модуль бойынша жүргізілген жұмыстар бағаланып, келесідей жетістіктер көрсетілді:

 

1-орын Ерқуатова Назира

 

2-орын Табихова Ақерке

 

3-орын Бекқали Нұржан

 

4-орын Көшкінбаев Жарас

 

30.03.21 ж. «Тақтатаспен қаптау» құзыреттілігі бойынша арнайы пән оқытушысы Қуанова Қымбат сайысты өткізді. Байқаудың барысында қатысушы студенттерді қауіпсіздік ережесімен таныстырып, ҚЕ журналына қол қойылды. Берілген тапсырмалармен студенттерді таныстырып, құрал-жабдықтарымен жұмысқа кірістірді.Қатысушы студенттер:

 

1)      Бақытов Әділет СЭЗС-17 тобының студенті

 

2)      Қуан Жантас СЭЗС-17 тобының студенті

 

3)      Нұрмұхан Ермұхан СЭЗС-17 тобының студенті

 

Сарапшылар:

 

1)      «Түпқараған аудандық құрылыс бөлімі» ММ-ң маманы – Сатыбаев Мақсат Ғалымұлы

 

2)      «Альянс LTD» ЖШС-ң директорының орынбасары – Байжан Қаныбек Ершораұлы

 

3)      Арнайы пән оқытушысы – Ақшолақов Амангелды Қуатұлы

 

Студенттер төмендегі сызбаны орындап шықты.

 

 

Қорытынды бағалау төмендегідей сапа көрсетті. Байқау барысында жүргізілген жұмыстар бағаланып, келесідей жетістіктер көрсетілді:

 

1-орын - Бақытов Әділет

 

2-орын - Нұрмұхан Ермұхан

 

3-орын – Қуан Жантас

 

30.03.2021 ж. «Жеңіл автомобильге техникалық қызмет көрсету, жөндеу» құзыреттілігі бойынша – 4 студент қатысты. Қатысушы студенттер ТОРА-19 тобынан:1) Масатұлы Болат 2) Тұрғанбай Дильнұр 3) Жұмабаев Азамат 4) Маратұлы Диас

 

Модуль А. ВАЗ – 2106 Қозғалтқышын бөлшектеу және құрастыру. Тапсырманың берілген уақыты 120 минут. 1) «Каспий комуналдық қызметі» мекемесінің механигі - Бегеш Қашқынбай, «Арғымақ» жөндеу орталығының механигі – Сауытбаев Нұртай, арнайы пән оқытушысы компатриот сарапшы Дуанаева Анаргул тағайындалды. Модуль В. Беріліс қорабы (механикалық бөлім) Тапсырманың берілген уақыты 60 минут.

 

Қорытынды бағалау: Байқау барысында әр тапсырманың орындалған нәтижелерін қарап, ұпай санын CIS бағалау тәртібімен кесте толтырылып, сарапшылар қол қойды. Студенттер төмендегідей нәтиже көрсетті:

 

1-орын Жұмабаев Азамат

 

2-орын Тұрғанбай Дильнұр

 

3-орын Маратұлы Марат,

 

4-орын Масатұлы Болат

 

31.03.2021 ж. «Мектепке дейінгі тәрбие» құзыреттілігі бойынша сайыс 3 модульді қамтыды.Арнайы пән оқытушысы компотриот сарапшы Адилханова Гүлжан өткізді.Чемпионат сарапшылары: 1. «Ақбота» балабақшасының директоры: Абулгартаева Сарбиназ Талапкалиевна

 

2. «Алпамыс» балабақшасының психологі: Атшыбаева Айгүл Нұржаубаевна

 

3. Түпқараған гуамнитарлық - техникалық колледжі басшысының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Сисенбаева Гүлшара Маңғыстауқызы

 

4. Түпқараған гуамнитарлық - техникалық колледждің ағылшын пән оқытушысы: Иманғалиева Жанаргүл Нұрқожақызы

 

5. Түпқараған гуамнитарлық - техникалық арнайы пән оқытушысы: Адилханова Гулжан Галымовна

 

1-модуль. «Мектепке дейінгі жастағы балаларды оқыту және тәрбиелеу» (Кіріктірілген)

 

1-тапсырма.: Ұйымдастырылған оқу әрекетін «Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру», «Қоршаған ортамен таныстыру» бойынша әзірлеу және өткізу.Жоғарғы топ балалары үшін (5-6 жас), «Танымдық», «Әлеуметтік», «Шығармашылық» білім беру салалары негізінде.

 

Тақырыбы: «Сүйікті қалама қызықты саяхат»

 

Тапсырма:

 

1.Еріктілермен (мектепке дейінгі жастағы балалармен) кіріктірілген оқу іс-әрекеті үшін мақсат, міндеттерді анықтау.

 

2. Материалдар мен жабдықтарды таңдау.

 

3. Кіріктірілген оқу әрекетін ұйымдастыру, конспектісін әзірлеу.

 

5.Сарапшыларға жұмыстың аяқталғаны және кіріктірілген оқу іс-әрекетін көрсетуге дайын екендігін хабарлау.

 

6.Еріктілермен (мектеп жасына дейінгі балалармен) кіріктірілген оқу іс-әрекетінің фрагментін жүргізу.

 

Module 2. Organization of events aimed at improving the health and physical development of children of preschool age"

 

3-модуль. «Көркемдік-эстетикалық даму» және «Ата-аналармен қарым-қатынас».

 

1-тапсырма. «Коммуникация» білім беру саласы, «Көркем әдебиет» бөлімі.

 

Таңдалған көркем шығарманы сахналау.

 

Тапсырма:

 

1.Сахналау үшін балалардың жасына сәйкес келетін көркем шығарманы анықтау.

 

2.Сценарийді әзірлеу.

 

3. Қағаздан атрибуттар жасау (Балалардың бастарына киетін атрибуттары. Кейіпкерлер бейнеленген суреттер сол жерде беріледі).

 

4.Сарапшыларға жұмыстың аяқталғаны және сахналық көріністі көрсетуге дайын екендігі туралы хабарлау.

 

5.Еріктілермен (мектепке дейінгі жастағы балалармен) көркем шығарманы сахналау.

 

Байқау барысында жүргізілген жұмыстар бағаланып, келесідей жетістіктер көрсетілді:

 

1-орын – Қалабаева Ұлболсын

 

2-орын – Әмірханқызы Ару

 

3-орын – Кинбасова Айсан

 

31.03.2021 ж. Барлық құзіреттіліктер бойынша өткен чемпионат қорытындыланып, қатысушы студенттер марапатталды. Марапат соңында компотриот-сарапшылар, техникалық делегат және арнайы пән оқытушылары, директордың м.а., тәрбие жөніндегі орынбасар қатысында чемпионатты қорытындылап, кеткен кемшіліктер жөнінде, алда атқарылатын жұмыстар туралы айтылып, хаттамасы толтырылды.

 

«WorldSkiils Aktau - 2021» чемпионатының байқау барысында әр тапсырманың орындалған нәтижелерін қарап, ұпай санын CIS бағалау тәртібімен кесте толтырылып, серіктес мекемелерден келген 18 сарапшылар және компотриот-сарапшылар қол қойып, бағалады.

 

Серіктес мекемелерден чемпионатқа келген сарапшы-мамандарымызға АЛҒЫС білдеріміз !

 

 

 

Үздік кәсіби бағдар беруші

 

Кәсібибағдар

 

«WorldSkiils Aktau - 2021»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Түпқараған гуманитарлық - техникалық колледжі

2020 жылдың 14- 23 қазан аралығында өткен жұмысшы мамандығының «Worldskills Kazakstan» кәсіптік шеберліктің Ұлттық чемпионатының өңірлік кезеңі

 

   Маңғыстау облысының білім басқармасы 14- 23 қазан аралығында жұмысшы мамандығын дәріптеу, жұмысшы мамандығының танымдылығын және қоғамдағы беделін арттыру мақсатында «Worldskills Kazakstan-2020» кәсіптік шеберліктің Ұлттық чемпионатының өңірлік кезеңі онлайн режимде өткізілді.

   14 қазан күні ZOOM платформасында чемпионаттың ашылу салтанаты, 15-16 қазан күндері негізгі құзіреттіліктер бойынша таңдап алынған он бір алаңда сайысқа түсті. Колледжден 5 құзіреттілік бойынша студенттеріміз қатысып бақ сынасты.

   Атап айтқанда «Тақтатаспен қаптау» құзіреттілігі бойынша СЭЗС-17 тобының студенті Бақытов Әділет Көбегенұлы қатысты, жетекшісі арнайы пән оқытушысы Акшолаков Амангелды Куатович.

«Дәнекерлеу ісі» құзіреттілігі бойынша ТСП-18 тобының студенті Хсамадинов Қаныбек Ізімтайұлы қатысты, жетекшісі арнайы пән оқытушысы Мендиханов Абзал Даулеткереевич.

«Мектепке дейінгі тәрбие»   құзіреттілігі бойынша ДШВ-17 тобының студенті Қарабалаева Динара Қатарбайқызы қатысты,  жетекшісі арнайы пән оқытушысы Адилханова Гүлжан Галымовна.

«Құрғақ құрылыс және сылақ жұмыстары» құзіреттілігі бойынша СЭЗС-17 тобының студенті Қуан Жантас Әминұлы жетекшісі Қуанова Қымбат Қосайқызы.

«Жеңіл автомобильге техникалық қызмет көрсету, жөндеу» құзіреттілігі бойынша ТОРА-17 тобының студенті Мәденов Берекет әскер қатарына кетуіне байланысты, қатыспады жетекшісі Дуанаева Анаргул Сарсенбаевна.

«Веб үлгілеу» құзіреттілігі бойынша ВТ-18 тобының студенті Ерқуатова Назира Ерқуатқызы денсаулығына байланысты қатыспады, жетекшісі Майрамбаев Ғалымжан Қаржаубайұлы.

   Жарыс қорытындысы бойынша «Құрғақ құрылыс және сылақ жұмыстары» құзіреттілігі бойынша СЭЗС-17 тобының студенті Қуан Жантас Әминұлы

«Үздік маман» атанып колледж мерейін асқақтатты.