24/01/2022  Дүйсенбі
«Түпқараған гуманитарлық-техникалық
колледжі» МКҚК
Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Баутин ауылы
Телефон:
+7 (729 38) 28 030

Ауа райы

«Жас маман» жобасы аясында «Көлік жөндеу шебері»

«Жас маман» жобасы аясында «Көлік жөндеу шебері», «Автокөлікті жөндеу слесарі» құзыреттілігі бойынша заманауи қондырғылар мен құрал-жабдықтар толықтай алынды. Жобаның мемлекеттік сатып алу бойынша алынған қондырғылар мен жабдықтардың толық сипаттамалары мен сапасы тексеріліп қабылданды.

«Жастар жемқорлыққа қарсы!»

Колледж студенттерінің «Жастар жемқорлыққа қарсы» атты облыстық байқауға дайындаған бейнеролигін назарларыңызға ұсынамыз.

Жастарды адалдыққа тәрбиелеу мақсатында колледжімізде үнемі іс-шаралар жүргізіліп, «Саналы ұрпақ» клубының жұмыстары оң нәтиже беріп келеді. Адал болуды өз үлгісінде көрсете білетін оқытушылардың арқасында студенттердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасын қалыптастыру оңайға түсуде.

Форт-Шевченко

Форт-Шевченко қаласына 175 жыл толуына орай құрылған жоспарға сәйкес 1курс топтары Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы мұражайға барып, тарихы мол өлкеміздің көрікті жерлеріне саяхаттады. Туған жерді сүю, оған құрметпен қарау, тарихын білу әрқайсысымыздың міндетіміз, оны өскелең ұрпаққа үйрету парызымыз.

Білім берудің оқу әдістемелік орталығының техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында дебат қозғалысын дамыту жөніндегі 2021-2022 оқу жылына арналған жоспарына сәйкес 15.10 күні студент жастардың арасында жолдастық кездесу болып өтті

Кездесуге колледжіміздің "Парасат" дебат клубының жетекшісі мен мүшелері қатысып қайтты. Білім берудің оқу әдістемелік орталығының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А. Мамаева дебат клубтарының мақсат-міндеттері мен алдағы жоспарларымен таныстырды. Колледжіміздің дебат клубының жұмысына сәттілік тілейміз

“Парасатты отбасы “ облыстық байқауының қатысушысы колледжіміздің оқытушысы Жоламанова Алтынгүлдің бейнеролигін тамашалаңыздар.

Отбасындағы бауырмалдық,сүіспеншілік,татулық,еңбекке баулуды насихаттап,өскелең ұрпаққа парасатты,адал отбасының үлгісін көрсетуді көздеген бұл бейнерөликтің баршаңызға ой салары анық.Сәттілік серігіңіз болып,жүлделі орын иеленуіңізге тілектеспіз.

Түпқараған гуманитарлық-техникалық колледжінің 2021-2022 оқу жылында студенттердің сабаққа қатысын бақылау мақсатында жүргізілетін кезекшілік кестесі

І ауысым 

Топтың аты

Топ жетекшісі

Кезекшілік күні

ВТ-18

Әділханова Г.

01.09.21. - 11.09.21

ТОРА-20

Жұмағалиева Г.

13.09.21-18.09.21

ТСП-21

Қуан А.

20.09.21-25.09.21

ДШВ-21

Иманғалиева Ж.

27.09.21-02.10.21

СЭЗС-21

Оралханова П.

30.09.19 – 05.10.19.

МП-20

Маңғыбаева Г.

04.10.21-09.10.21

ВТ-18

Әділханова Г.

11.10.21-16.10.21

ТОРА-20

Жұмағалиева Г.

18.10.21-23.10.21

ТСП-21

Қуан А.

25.10.21-30.10.21

ДШВ-21

Иманғалиева Ж.

01.11.21-06.11.21

СЭЗС-21

Оралханова П.

08.11.21-13.11.21

МП-20

Маңғыбаева Г.

15.11.21-20.11.21

 

ІІ ауысым

Топтың аты

Топ жетекшісі

Кезекшілік күні

ТСП-19

Таңатарова А.

01.09.21. - 11.09.21

ХТ-20

Тулепова А.

13.09.21-18.09.21

ТОРА-19

Сисенбаева Г.

20.09.21-25.09.21

ДШВ-18

Дуанаева А.

27.09.21-02.10.21

ДШВ-19

Қуанова Қ

30.09.19 -05.10.19.

ТСП-19

Таңатарова А.

04.10.21-09.10.21

ХТ-20

Тулепова А.

11.10.21-16.10.21

ТОРА-19

Сисенбаева Г.

18.10.21-23.10.21

ДШВ-18

Дуанаева А.

25.10.21-30.10.21

ДШВ-19

Қуанова Қ

01.11.21-06.11.21

ТСП-19

Таңатарова А.

08.11.21-13.11.21

ХТ-20

Тулепова А.

15.11.21-20.11.21

БТІЖО                   Сисенбаева Г.М.

21.09 күні колледжімізде «Терроризм дегеніміз не?

Террорлық актісін жасау қаупі төнген жағдайда жасалатын іс-қимылдар және қорғанысты қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулық» тақырыбында дәріс оқылды. Ішкі саясат және тілдерді дамыту бөліміне қарасты жастар ресурсы орталығының жастар жөніндегі АТТ маманы Жақсылықов Нұрбек Дидарбекұлы

жасөспірімдерге теріс діни ағымдар, терроризм мен экстремизмнің салдары және олардың алдын-алу туралы түсіндіріп өтті. Студенттердің көкейінде жүрген сұрақтарына жауап беріп, колледжіміздегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді. Тәуелсіз елдің бейбіт аспанының астында алаңсыз өмір сүрейік!

 

Форт-Шевченко қаласына 175 жыл толуына орай өткізілген «Форт-Шевченко — сүйікті қалам» суреттер байқауының қорытындысы бойынша:

«Бас жүлде» - Нұрдәулетұлы Рамазан(ТСП-21 тобы)

1-орын — Қылышбайқызы Ақтоты (ДШВ-19), 

2-орын —Оралбаева Нұргүл (ДШВ-21),  Табынбай Марина (СЭЗС-21)

3-орын— Ерменов Рамазан (ТОРА-20)

Алғыс хат: Сапарова Саягүл (ДШВ-21), Көрпебаева Сымбат (ДШВ-21).  Барлық жеңімпаздарды құттықтаймыз!!!

18.09 күні Түпқараған ауданы ПБ ЖПҚб ЮПТ аға инспекторы полиция майоры Г.Байкуренова колледждің жасөспірім студенттерімен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің баптарын таныстырды.

Сонымен қатар,  кәмелетке толмаған балаларға көлік жүргізуге рұқсат жоқ екенін қатаң ескертті. «Жасөспірім» жедел- профилактикалық іс-шарасы бойынша ЮПТ инспекторы кәмелетке толмағандарға  қылмыстарға, құқыққа қайшы іс-әрекеттерге жол бермеу, кәмелетке толмағандарға алкогольдік және темекі өнімдерін пайдаланбау,  олардың түнгі уақытта заңды өкілдерінсіз ойын-сауық мекемелері мен тұрғын үй-жайлардан тыс жерлерде жүрмеуі керектігі ескертілді. Сондай-ақ кәмелетке толмағандардан заңсыз сақталатын және рұқсат етілмеген заттарды (атыс, суық қару, денсаулыққа зиян келтіре алатын басқа заттар, есірткі, психотроптық заттар)  колледжге әкелмеу және өзімен бірге сақтап жүруге болмайтындығы ескертілді.

17 қыркүйек күні Түпқараған гуманитарлық-техникалық колледжінде қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық үлгісін насихаттауға арналған республикалық лекториум өтті.

Лекториумге "Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі директорының орынбасары, Қазақстан халқы Ассамблеясының ғылыми-сарапшылық кеңесінің төрайымы Сәдуақасова Айгүл Кәкімбекқызы, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, Филология ғылымдарының кандидаты, жазушы, аудармашы, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Әлпейісова Камал Абылқасымқызы,  «Рух» психология және тұлғаны дамыту орталығының директоры Баймухамбетова Резеда Сәлімжанқызы және Түпқараған ауданы әкімінің орынбасары Алтынғалиев Талғат Алтынғалиұлы,  Маңғыстау облысы білім басқармасы "Білім берудің оқу-әдістемелік орталығы" КММ директоры Тұрлан Зейнет Тұрланқызы және әдіскері Утегенова Райгүл Сиыховна,Түпқараған ауданы бойынша білім бөлімі басшысы  Айбаршын Қуанышқалиқызы Өтесбаева қатысты.

Жиында қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық моделін одан әрі нығайту жөніндегі шаралар, сондай-ақ, ұлттық сана, елдік, тәуелсіздік мерейлі 30 жылдығы, этносаралық татулық тақырыптары сөз болды.

Кәсіптік-техникалық білім беру жүйесіне 80 жыл

Колледж түлегі Бисембаев Архат ұстаздарды құттықтап, мерекеге әсем ән жолдады. Сіздердің назарларыңызға

https://www.facebook.com/mptk.fort/videos/1061740890951438/

Колледж түлегі Ихсатов Жалғас

Колледж түлегі Ихсатов Жалғас кәсіптік-техникалық білім беру жүйесіне 80 жыл толуына байланысты құттықтауын жолдап, тілегін арнады. Сіздердің назарларыңызға 

https://www.facebook.com/mptk.fort/videos/1072156926576501/

«АДАЛДЫҚТЫ ӨЗІҢНЕН БАСТА» ВЕБИНАРЫ

«Түпқараған Адалдық Алаңы» жобалық кеңсесі мен «Түпқараған жастары» жастар қоғамдық бірлестігі, "Түпқараған аудандық жастар ресурстық орталығы" КММ және "Түпқараған гуманитарлық-техникалық колледжі" студенттерінің ұйымдастыруымен "Адалдықты өзіңнен баста!" вебинары ЗООМ платформасы арқылы өткізілді.

Вебинар барысында қатысушыларға сыбайлас жемқорлық түрлері, жіктелуі, сыбайлас жемқорлыққа әсер етуші ішкі және сыртқы факторлар туралы ақпараттар айтылды. Әлеуметтік бейнеролик көрсетіліп, қатысушылар өзара пікір алмасты. Вебинарға студенттер, мектеп оқушылары қатысты.

Аталған шара Түпқараған аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің «Қоғамда сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру» әлеуметтік жобасы бойынша өткізілді.

Азаттықты аңсап, озбырлыққа көнбеген көтерілістің бірі - Иса-Досан көтерілісі.

Биыл аталған ұлт-азаттық көтерілісіне 150 жыл . Ел азаттығы жолында күрескен ерен ерлердің ерлігі мен есімдері қандай ұлықтауға да лайық.
22.09.2020 ж. күні колледжімізде "Ел тәуелсіздігі үшін күресті. Иса-Досан көтерілісінің тарихи маңызы" атты дөңгелек үстел өткізілді. Тарих пәнінің оқытушысы Сисенбаева Сақыпжамал көтеріліс тарихы мен батырларымыздың ерлігі жөнінде баяндап шықты. Көтеріліс барысы жөнінде студенттерге қызықты ақпараттар ұсынып, бірге талқылады. Дөңгелек үстел соңында сұрақ-жауаптармен алмасып, Иса-Досан ескерткіші туралы да сөз қозғалды. Ерлеріміздің ерліктерін ұмытпайық, өскелең ұрпаққа үлгі болар батырларымыздың барын еске салып отырайық! Шара барысында студенттеріміздің туған жерге, елге деген сүйіспеншіліктері мен батырларымызға деген құрметі артқанына сенімдіміз.

Түпқараған гуманитарлық-техникалық колледжінің “WorldSkills Aktau-2020”

облыстық чемпионатына қатысушы студенттеріне сәттілік тілейміз! Жеңімпаз атануларыңызға тілектеспіз!

https://www.facebook.com/mptk.fort/videos/1050337488758445/

АНАЛАР МЕРЕКЕСІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

Мейірім, адалдық, жылылық, сезім, талғам, сенім, жақсылық атаулының барлығын өн бойына сыйдырған жалғыз жан - Ана. Ана - отбасының ұйытқысы, Ана - баланың жанашыры. Анаға қандай жылы сөз, жақсы тілек айтсақ та артық етпейді. Түпқараған гуманитарлық-техникалық колледжінің оқытушылары мен студенттері бүгінгі Аналар мерекесімен баршаңызды шын жүректен құттықтайды.
Алла Тағала тек ұрпақтың тамырын тәрбиенің таза шырынымен сусындатып отырған қазыналы аналарымыздың күш-қайратын еселей түссе екен. Сіздер – біздің береке, байлығымызсыз. Отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық тілейміз. Ұл-қыздарыңыздың қызығын көріңіздер!

https://www.facebook.com/mptk.fort/videos/1049866598805534/

Туған жердің топырағы ыстық, табиғаты әрқашан жүрекке жылу сыйлайды

Біз табиғаты талайды тамсандырған Түпқараған түбегінің тұрғынымыз. Айналамыздағы сұлулықты бағалау, қоршаған ортамызды қорғау баршамызға ортақ міндет. Осы орайда біздің колледж оқытушылары мен студенттері ерікті түрде сенбіліктер жоспарын жасақтады. Бүгін жоспарға сәйкес алғашқы сенбілікті "Туған жердің табиғатын аялайық!" ұранымен Шүйлі бақшасында бастады. Сенбілік барысында бақша іші тазартылып, қоқыстар арнайы қоқыс жәшігіне салынды. Ағаш сынықтары мен тастар арнайы жерге жинақталды. Баршаңызды туған жердің табиғатын аялауға шақырамыз!

11 қыркүйек - Отбасы күні мерекесіне орай Түпқараған гуманитарлық-техникалық колледжінің

11 қыркүйек - Отбасы күні мерекесіне орай Түпқараған гуманитарлық-техникалық колледжінің оқытушылары 40жылдан астам бірге тұрып тәрбиелі, бақытты отбасы үлгісін көрсете білген ардагер ұстаздарды құттықтады. Елін, жерін сүйетін ұрпақ, білімді де білікті маман даярлауға қосқан үлестеріңіз үшін колледж ұжымы атынан алғыс айтамыз. Отбасыларыңызға мол бақыт, береке, байлық тілейміз.
Отбасы - ұлттың тірегі

Қыркүйек айының 07-12 аралығында колледжімізде отбасы күніне орай өткізілетін іс-шаралар жоспары жасақталды

өҚыркүйек айының 07-12 аралығында колледжімізде отбасы күніне орай өткізілетін іс-шаралар жоспары жасақталды. Сол жоспарға сәйкес барлық топтар арасында "Отбасым - басты байлығым" атты бейнероликтер сайысы өтті. #ТГТКсайысменіңотбасым#меніңотбасым хештегтерінде жарияланған бейнероликтер бойынша Дәулетбаева Динара (ДШВ-19) - "Салауатты отбасы" , Төлеева Аяужан (ВТ-18) - "Көп балалы отбасы" , Ахметова Айгерім (ВТ-18) - "Өнерлі отбасы", Шах Салауат (ТОРА-20) - "Шебер отбасы", Ақыбаева Әсем (ДШВ-19) - "Жарасымды жас отбасы" номинациялары бойынша марапатталады. Қатысқан студенттерге алғыс айтамыз. Отбасыларыңызға мол бақыт, береке, байлық тілейміз.
#Түпқарағангуманитарлықтехникалықколледжі @ Bautino, Mangghystaū, Kazakhstan

https://www.facebook.com/mptk.fort/videos/1044290522696475/

 

https://www.facebook.com/mptk.fort/videos/1044290562696471/

https://www.facebook.com/mptk.fort/videos/1044290582696469/

https://www.facebook.com/mptk.fort/videos/1044290542696473/